Accessibility links

Сот журналист Балгинді қамаудан босатпады


Журналист Рафаэль Балгиннің адвокаты Нұрлан Өстеміров. 30 желтоқсан 2015 жыл.
Журналист Рафаэль Балгиннің адвокаты Нұрлан Өстеміров. 30 желтоқсан 2015 жыл.

Алматы қалалық соты журналист Рафаэль Балгиннің өзін қамау туралы сот шешіміне берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Балгиннің шағымы оның өзінің қатысуынсыз қаралды және оған журналистерді кіргізбеді.

Журналистің адвокаты Нұртан Өстеміровтың айтуынша, бүгін апелляциялық сот судьясы Ардақ Ешеева шығарған шешім - ақырғы шешім саналады.

Рафаэль Балгинді Алматы соты 21 желтоқсанда, 18 желтоқсанда пәтеріне жасалған тінтуден соң тергеу аясында екі айға қамаған.

Оппозициялық Nakanune.kz сайтында "Казкоммерцбанк" туралы тапсырыспен жазылған мақалаларды жариялау ісіне байланысты журналист, сайт иесі Гузяль Байдалинова екі айға қамалған. Байдалинова мен Балгин "көпе-көрінеу жалған ақпарат" таратты, "қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызды" және "Казкоммерцбанкке" ірі көлемде зардап келтірді" деген күдікке ілінген.

Биыл мамыр айында Алматының Медеу аудандық соты Nakanune.kz сайтын "Казкоммерцбанктің" шағымы бойынша 20 миллион теңге төлеуге міндеттеген.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстан билігін Рафаэль Балгин мен Гузяль Байдалинованы дереу босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG