Accessibility links

Ауған әскері бір ауданды "Талибаннан" азат етті


Тахар уәлаятындағы ауған әскері. Ауғанстан, желтоқсан, 2015 жыл.

Тахар уәлаятындағы ауған әскері. Ауғанстан, желтоқсан, 2015 жыл.

Ауғанстан армиясы елдің солтүстігіндегі Тәжікстанмен шектесетін Тахар уәлаятындағы Даркад ауданын "Талибан" бақылауынан қайтарып алды. Даркадты талибтер екі ай бұрын басып алған.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, ауған армиясы, полиция мен арнайы жасақтар Даркад ауданын қайтарып алу операциясын 8 қаңтар күні бастап, 10 қаңтар күні аяқтаған.

Ауған күштері екі күнге созылған шайқаста "Талибан" жасақтарына күйрете соққы берген. "Аудан толықтай ауған күштерінің қолына өтті. Ауыр шығынға ұшыраған қарсы жақ күйрей жеңілді" делінген мәлімдемеде. Екі күндік ұрыста 20-ға тарта содыр мен бір ауған сарбазы мерт болған. "Талибанның" Даркад ауданын басып алуы содырлардың Орталық Азияға дендеп жылжуына септесуі мүмкін деген алаңдаушылық туғызған еді.

XS
SM
MD
LG