Accessibility links

SOHR: Сирияда Ресей шабуылынан 81 адам қаза тапты


Сириядағы Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік Су-24 жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет).

Сириядағы Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік Су-24 жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет).

Ресей әскери-әуе күштерінің Сирияның солтүстігіне жасаған әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 81 адамға жетті деп хабарлады Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы. Ұйымның мәлімдеуінше, елдің солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында базарға жақын ғимараттар кешеніне жасалған шабуылдан 52 бейбіт тұрғын мен тұтқын, "Нусра майданы" ұйымының 23 сарбазы мен өзге 6 көтерілісші оққа ұшқан.

"Әл-Қаиданың" Сириядағы бөлімі - "Нусра майданына" тиесілі кешенде ұйымның діни соты мен түрме орналасқан. Қаза тапқандар арасында кем дегенде бір бала мен екі әйел бар.

Ресей Сирияда президент Башар Асад билігін қолдау үшін әуе шабуылдарын өткен жылғы қыркүйектің соңында бастаған.

XS
SM
MD
LG