Accessibility links

Душанбе: Давлат Чолов ИМ-ге қосылған


Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде Ұлттық майданның командирі болған Курбон Чолов.
Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде Ұлттық майданның командирі болған Курбон Чолов.

Тәжікстан билігі Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде Ұлттық майданның командирі болған Курбон Чоловтың ағасы Давлат Чоловтың "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы қатарына қосылғанын мәлімдеді. 45 жастағы Давлат Чоловтың ИМ құрамына кіргенін ішкі істер министрлігінің Куляб аймақтық басқармасы басшысының орынбасары Абдукодир Мирзозода хабарлады.

Чоловтар отбасы 1992 жылы Эмомали Рахмонның билікке келуіне көмектескені және 1990 жылдарда Тәжікстандағы азаматтық соғыс уақытында үлкен ықпалға ие болғаны айтылады.

2014 жылы Давлат Чоловты Түркияға ұшпақ болған жерінде ұстап, ИМ қатарына адам тартпақ болды деп айыпталған. Кейін оны айып төлеп, "тәубасына келгендіктен" және "тергеумен ынтымақтасқандықтан" босатқан. Кейінірек Давлаттың туыстары оны қайтадан жоғалып кеткенін хабарлаған. Оны Сирияға кетіп қалды деген болжамдар айтылған. Жергілікті полиция Давлат Чоловты 2015 жылы 24 қыркүйекте Кулябтан Ресейге ұшып кеткен дейді.

Давлат Чолов бұрын тәжік-ауған шекарасындағы Тәжікстан шекара әскерінің қатарында қызмет еткен. Қару-жарақ ұрлады деп айыпталған соң ол Ауғанстанда жасырынған. Тәжік билігінің мәліметінше, Куляб ауданының 90-нан астам тұрғыны Сириядағы экстремистік топтар қатарында, сегіз азамат Ирактағы топтар сапында соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG