Accessibility links

Франция: Альпіде қар көшкінінен 5 сарбаз қаза тапты


Альпі тауы.
Альпі тауы.

Франция армиясы шетел легионының бес сарбазы Альпі тауларында өтіп жатқан жаттығу кезінде қар көшкіні астында қалып, қаза тапты. Бұл туралы Франция үкіметі хабарлады. 18 қаңтар күні Альпі тауының Франция жағындағы Вальфрежюс жотасында болған қар көшкінінен тағы алты сарбаз жараланған.

Полицияның хабарлауынша, қар көшкіні болған кезде 51 сарбаз шаңғымен жаттығып жүрген. Сарбаздарды құтқару операциясы жүргіп жатыр.

Қаза тапқан сарбаздардың қай ел азаматы екені әзірге белгісіз.

Францияның шетел легионы басқа мемлекеттердің азаматтарынан жасақталады.

Өткен аптада француз Альпісінде болған қар көшкінінен екі жасөспірім мен
бір украиналық турист қаза тапқан болатын.

XS
SM
MD
LG