Accessibility links

Биржада доллар бағамы 383 теңгеден асты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында таңертеңгі саудада АҚШ долларының орташа бағамы 383 теңге 23 тиынды құрап, бұрын болмаған жоғарғы шекке асты. 20 қаңтар күні таңғы сессияда доллар бағамы 375 теңге 45 тиын болған.

Биржада таңғы саудада 57 миллион 75 мың доллар сатылған.

Ақша айырбастау орындарында бір доллар 382-384 теңге аралығында сатылып жатыр. Теңге соңғы алты айда өз құнының 100 пайыздан астамын жоғалтты.

Теңге бағамы әлемде Қазақстан экспорттайтын негізгі энергетикалық шикізат - мұнай бағасының арзандауымен қатар құлдырап жатыр.

XS
SM
MD
LG