Accessibility links

Ресей дағдарыспен күрес жоспарын жасап жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей қаржы министрлігі дайындаған дағдарысқа қарсы жоспар жобасында Ресей экономикасын қолдауға 135 миллиард рубль бөлу қарастырылған. Агенттік бұған қоса, рубль бағамының күрт құлдырауы мен қарапайым ресейліктердің экономикалық жағдайының нашарлауына байланысты туындауы мүмкін қоғамдық наразылықты болдырмау үшін тағы 340 миллиард рубль қарастырылғанын айтады.

Ресей экономикасына мұнайдың арзандауы, Мәскеудің Украинадағы жағдайға килігуіне байланысты Батыс елдері салған санкциялар және рубльдің құлдырауы әсер етіп жатыр. Өткен аптада Ресей валютасы бұрын болмаған төменгі шекке құлдырап, бір АҚШ доллары 84 рубльге жеткен. Бірақ 22 қаңтар күні рубль сәл нығайып, доллар бағамы 78 рубльге теңесті.

Reuters-ке үкіметтегі аты-жөнін атамаған екі дереккөз дағдарысқа қарсы жоспар әлі толық дайындалып бітпегенін айтады. Жоспарда қаржының бір бөлігі өнеркәсіп және құрылыс саласына бөлінетіні, оның ішінде көлік өнеркәсібіне 50 миллиард рубль аударылатыны айтылған.

XS
SM
MD
LG