Accessibility links

Ресей: Сирияда екінші әуе базасын салмаймыз


Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков.
Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков.

Ресей Сирияда екінші әуе базасын салуды жоспарламайды деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігі.

Бұған дейін Ресей Сирияның солтүстік-шығысындағы Түркиямен шекарасына жақын Камышлы қаласында тағы бір әскери база салуды жсопарлап жатқан болуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Министрліктің баспасөз хатшысы, майор Игорь Конашенков Ресейдің Камышлыда немесе Сирияда қандай да қосымша әуе базасы, я аэродром салу жоспары жоғын айтты.

Ресей әскери-әуе күштері өткен жылы қыркүйектің соңында Сирияда әскери операция басталғаннан бері Латакия қаласындағы Хмеймим әуе базасынан 6 мыңға тарта шабуыл жасаған.

Конашенковтың сөзінше, Хмеймимдегі Ресей әскери ұшақтары Сирияның кез-келген аймағына жарты сағатта жете алатын болғандықтан қосымша әуе базасын салуға мұқтаждық жоқ.

Ресейдің әуе шабуылдары Сирия президенті Башар Асад армиясының соңғы айларда шабуылды күшейтіп, оппозициялық көтерілісшілерден маңызды аймақтарды қайтарып алуына ықпал етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG