Accessibility links

Қырғызстан: Нарында үкіметке наразылық танытып жатыр


Нарын қаласының орталығындағы наразылық акциясы. Қырғызстан, 27 қаңтар 2016 жыл.
Нарын қаласының орталығындағы наразылық акциясы. Қырғызстан, 27 қаңтар 2016 жыл.

Қырғызстанның Нарын қаласында орталық алаңда 200-ге тарта адам наразылық акциясын өткізіп жатыр. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, жиналғандар премьер-министр Темір Сариевтің қалаға нарындықтармен кездесуге келмегеніне наразы. Наразылыққа қатысушылар саны артып келеді.

Жиналғандар өздерін митингіге шығуға электр қуаты тарифтерінің қымбаттауы, мал бағасының арзандауы және Жоғарғы Нарын сарқырамасы ГЭС-і құрылысының созылып кетуі мәжбүрледі дейді.

Наразылық танытушылар бұған қоса жоғары таулы, қатынау қыиын аймақтарда тұратын және жұмыс істейтін азаматтарға мемлекеттік кепілдік пен өтемақыны алып тастау тұрғындардың өмірін түбегейлі өзгертпегенін айтады.

Бұған дейін Нарын тұрғындары 27 қаңтарда жоғары таулы аймақтарда тұратындарға арналған коэффициенттерді қайта есептеуге қарсы митинг өткізуді жоспарлаған. Бірақ осы аптаның басында үкімет коэффициенттерді қайта есептеу туралы заң жобасын қайтарып алған.

Кейбір мәліметтер бойынша, заң жобасын даярлағанда аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланысты мәселелер ескерілмеген.

XS
SM
MD
LG