Accessibility links

Анкара Брюссельден көбірек қаржы көмегін сұрайды


Сербия мен Македония шекарасынан өтіп бара жатқан босқындар. 29 қаңтар 2016 жыл.
Сербия мен Македония шекарасынан өтіп бара жатқан босқындар. 29 қаңтар 2016 жыл.

Түркия мигранттар дағдарысына байланысты проблемаларды шешу үшін Еуропа одағы тарапынан бөлінетін қаржы жәрдемі көлемін ұлғайтуды сұрайды. Германиялық Die Welt басылымы бүгін Еуропа Одағының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Брюссель бөлуге келісіп отырған үш миллиард еуроның орнына Анкара бес миллиард алғысы келеді.

Бұған дейін Еуропа Одағы Түркия босқындар ағынын тежеп, Батыс Еуропаға жібермей ұстауы үшін жәрдем ретінде Анкараға үш миллиард еуро бөлуге дайын екенін мәлімдеген.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқармасының деректері бойынша, қаңтардың 1-нен 28-іне дейін Түркия арқылы Грекияға 54 мың босқын өткен.

XS
SM
MD
LG