Accessibility links

ОСК: Коммунистер партиясының 22 үміткері тіркелді


Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы. Астана, 2 ақпан 2016 жыл.
Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы. Астана, 2 ақпан 2016 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің ерте сайлауына Қазақстан халықтық-коммунистік партиясы ұсынған 22 үміткерді тіркеді.

ОСК сайтында бүгін жарияланған қаулыда Қазақстан халықтық-коммунистік партиясының партиялық тізімін тіркеуге алып, 22 адамға мәжіліс депутаттығына кандидат куәліктерін беру және партияны сайлау бюллетеніне енгізу туралы айтылған.

Қазақстан парламенті мәжілісінің ерте сайлауына дауыс беру наурыздың 20-сы күні өтеді. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін, ал партиялық тізімді тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасады. ОСК бұған дейін «Нұр Отан» (127 үміткер), «Ақ жол» (35), "Ауыл" (19) партияларының кандидаттарын тіркеген.

XS
SM
MD
LG