Accessibility links

Нигерияда «Боко Харам» ондаған адамды өлтірген


«Боко Харам» басшысы Әбубакар Шекау (ортада) үндеу жасап тұр. Видеодан скриншот.

«Боко Харам» басшысы Әбубакар Шекау (ортада) үндеу жасап тұр. Видеодан скриншот.

Нигерияның солтүстік-шығыс аймағында екі елді мекенге «Боко Харам» исламшыл экстремистер ұйымы жасаған шабуылдар салдарынан отыздан аса адам қаза тапқаны туралы France Presse агенттігі хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жұма және сенбі күндері автокөліктер мен мотоцикльдерге мінген содырлар басып кірген елді мекендерде адамдарды өлтіріп, тұрғындардың дүние-мүлкін талан-таражға салған.

Нигерияның солтүстігінде әрекет ететін «Боко Харам» ұйымы бұған дейін осы аймақтағы тұрғындарға және көрші елдерге бірнеше рет шабуылдар жасаған. «Боко Харам» Нигерияда шариғат заңымен өмір сүретін мемлекет құруды мақсат тұтады.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының деректері бойынша, 2009 жылдан бері «Боко Харам» экстремистік тобының қолынан жиырма мыңдай адам қаза тауып, олардың бақылауындағы аймақтан екі миллионнан аса тұрғын бассауғалап кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG