Accessibility links

Иран банктері SWIFT жүйесіне қосыла бастады


Банкоматтан ақша алып тұрған Тегеран тұрғыны (Көрнекі сурет).
Банкоматтан ақша алып тұрған Тегеран тұрғыны (Көрнекі сурет).

Иран банктері халықаралық санкциялар алынған соң шет елдермен трансфер жасауға мүмкіндік беретін SWIFT халықаралық төлем жүйесіне қайта қосыла бастады.

Иран банктері басшыларының хабарлауынша, SWIFT жүйесіне Иран Орталық банкі мен өзге 15 банк қосылып жатыр. Соңғы уақытта Иран банктерінің шетелдік трансферлер жасай алмауы саяси мәселеге айналып, консервативтік сыни көзқарастағы саясаткерлер президент Хассан Роухани қол жеткізген ядролық келісімді уәдет етілгендей пайда әкелмей отыр деп сынаған.

Reuters-тің хабарлауынша, 2012 жылы салынған санкциялар кесірінен банктердің SWIFT жүйесіне қосыла алмауы Еуропаға мұнай тасымалдауды қайта жандандыруға кедергі болып тұрған.

Иранның революция сақшылары кеңесімен байланысы бар банктер АҚШ салған санкциялар тізімінде қалып отыр және АҚШ банктеріне Иранмен бизнес жасауға салынған тыйым әлі күшінде.

XS
SM
MD
LG