Accessibility links

Украинада коррупциямен күрес заңы мақұлданды


Украина парламенті сессиясы, Киев (Көрнекі сурет).
Украина парламенті сессиясы, Киев (Көрнекі сурет).

Украина парламенті - Жоғарғы Рада жоғары және орта шенді шенеуніктер мен олардың туыстарының дүние-мүлкіне қоғамдық бақылау орнататын коррупциямен күрес туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы бойынша, үкіметтік құрылымдардағы қызметкерлер енді табысы мен меншігі туралы электрондық декларация өткізіп тұруы тиіс. Нақты емес немесе жалған ақпарат берген жағдайда шенеуніктерді қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған. Бұл мәліметтер көпшілікке жария болады.

Еуропа Одағы (ЕО) Украинадан коррупцияға қарсы реформаларды жеделдетіп аяқтауды талап етіп отыр. Киев жаңа шаралар елде ЕО-мен визасыз режим орнатуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG