Accessibility links

Еуропа елдері қауіпсіздік шарасын күшейтті


Метро станциясындағы жарылыстан жараланған адамдар. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.
Метро станциясындағы жарылыстан жараланған адамдар. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.

Бельгия астанасы Брюссельдегі жарылыстардан кейін Франция, Дания, Швеция, Норвегия, Финляндия мен Ұлыбритания сақтық шараларын қатайта бастады. Бұл елдерде әуежай, вокзал және адам көп жиналатын басқа да орындарда күзет күшейтілді.

Британиялық Delta авиакомпаниясы Брюссельге баратын рейстерін Амстердамға бұрып жатыр. Кей әуе компаниялары Брюссельге ұшатын рейстерін кейінге қалдырды, ал ирландиялық Ryanair ол бағыттан бас тартты.

Бельгия астанасы Брюссельдегі әуежайда бүгін таңертең болған екі жарылыстан, алдын-ала ресми дерек бойынша, 11 адам қаза тапқан, 81 адам жараланған. Одан кейін іле-шала метрода болған жарылыстан 15 адам көз жұмып, 55 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG