Accessibility links

Брюссельдегі жарылыстарға күдіктінің бірі ұсталды


Брюссельдегі шабуылға күдіктілердің камераға түсіп қалған кезі. 22 наурыз 2016 жыл.

Брюссельдегі шабуылға күдіктілердің камераға түсіп қалған кезі. 22 наурыз 2016 жыл.

Бельгиялық БАҚ сот органдарына сілтеме жасап, Брюссельдегі шабуылды ұйымдастырушылардың бірі делінген күдікті ұсталғанын хабарлады.

Сейсенбі күні Брюссельдегі Завентем әуежайындағы жарылысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген Назим Лаашрауи есімді бельгиялық сәрсенбіде Андерлехт ауданында ұсталды деген хабар тарады.

Лаашрауи әуежайға жасалған шабуылдан сәл бұрын бақылау камерасына түсіп қалған күдіктілердің бірі еді. Қалған ағайынды екі күдіктінің аты-жөндері Халид және Брахим Бакрауи екені бұған дейін жарияланған.

Наурыздың 22-сі күні Брюссельдегі Завентем әуежайында екі рет, Маальбек метро станциясында бір рет бомба жарылып, 34 адам қаза тауып, 250-і жараланған еді. Полиция әзірше қандай да бір күдіктінің ұсталғаны туралы ресми мәлімет таратпады.

Шабуылды «Ислам мемлекеті» діни ультра-радикал содырлар ұйымы мойнына алатынын мәлімдеген.

Бельгия Брюссельдегі жарылыстарға байланысты кешеден бастап үш күн аза тұтып жатыр.

XS
SM
MD
LG