Accessibility links

Күрдтер жасағы: Диярбакырдағы жарылысты біз жасадық


Диярбакырдағы террорлық жарылыс болған жер. Түркия, 31 наурыз 2016 жыл.
Диярбакырдағы террорлық жарылыс болған жер. Түркия, 31 наурыз 2016 жыл.

Түркияның Диярбакыр провинциясында бейсенбіде болған террорлық шабуылға жауапкершілікті «Халықтық қорғаныс күштері» тобы өз мойнына алатынын мәлімдеді. «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланысы бар топтың айтуынша, террорлық шабуыл полиция автоколоннасын нысанаға алып жасалған.

Диярбакырдағы жарылыс салдарынан жеті полиция қызметкері қаза тауып, он үш адам жараланған.

Жұма күні Диярбакырға барған Түркия үкіметі басшысы Ахмет Дәуітоглу «егер күндердің күнінде Алла жанымды алатын болса, сол сәтте Диярбакырда, курд бауырларымның ортасында болғанымды қалар едім» деп мәлімдеген.

Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Диярбакыр провинциясында негізінен күрдтер тұрады. 2015 жылы жазда Түркия үкіметі мен «Күрдістан жұмысшы партиясы» арасындағы бітім бұзылған соң бұл аймақта күрдтердің қарулы топтары мен түрік әскерилері арасында қақтығыстар жиілеп кеткен.

Түркия үкіметі «Күрдістан жұмысшы партиясын» террористік ұйымға жатқызған. Диярбакырдағы жарылыстарға жауап ретінде Түркия әскери ұшақтары қарулы күрд топтары орналасқан аумаққа кезекті рет соққы берген.

XS
SM
MD
LG