Accessibility links

Тәжікстанда алты имам ұсталды


Душанбедегі мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).

Душанбедегі мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).

Тәжікстанда алты имам экстремистік топтарға қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Соғды облысы прокуратурасының хабарлауынша, имамдар өткен айда ұсталған. Прокуратура күдіктілер мүше болды делінген экстремистік топтардың атын атамады. Егер имамдар кінәлі деп танылса, онда алты жылға дейін сотталып, үлкен көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Тәжікстанда өткен жылы ондаған адам "Джамаат Ансарулла" исламшыл ұйымына кірді деген айыппен сотталған. Тәжікстан билігі "Джамаат Ансарулла" тобын елде тыйым салынған "Өзбекстан ислам қозғалысы" (ӨИҚ) тобымен байланысты дейді.

ӨИҚ Ауғанстан мен Пәкістандағы "Әл-Қаида" және "Талибан" қозғалыстарымен байланысты. ӨИҚ-ның кейбір мүшелері Таяу Шығыстағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына ант берген. Тәжік билігінің мәліметінше, тәжікстандық мыңға тарта азамат Сирия мен Ирактағы ИМ сапында соғысып жатыр.

XS
SM
MD
LG