Accessibility links

Қырғызстан Сәуір оқиғасы құрбандарын еске алды


2010 жылғы Сәуір оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналғандар. Бішкек, 7 сәуір 2016 жыл.
2010 жылғы Сәуір оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналғандар. Бішкек, 7 сәуір 2016 жыл.

Қырғызстанда экс-президент Құрманбек Бакиевті биліктен кетірген 2010 жылғы Сәуір оқиғасына алты жыл толғанын еске алды.

Ресми түрде Халықтық сәуір төңкерісі күні деп жарияланған 7 сәуір биыл мемлекеттік мереке ретінде бірінші рет аталып өтілді.

Бішкекте бүгін Сәуір оқиғасы құрбандарына арнап қойылған ескерткіш кешенге жүздеген адам жиналды. Олардың арасында үкімет өкілдері мен сол оқиғада қаза тапқан адамдардың туыстары бар. Жиналғандар ескерткіш кешенге гүл қойып, қаза тапқандарға дұға бағыштады.

Қырғызстанда 2010 жылы 7 сәуірде үкіметке қарсы басталған жаппай қарсылық нәтижесінде сол кездегі президент Құрманбек Бакиев биліктен тайдырылған. Толқулар кезінде қауіпсіздік күштері демонстранттарға оқ атып, 100-ге тарта адам құрбан болған. Сол оқиғадан кейін Бакиев елден қашып кеткен.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жуықта 7 сәуірді мемлекеттік мереке деп жариялаған.

XS
SM
MD
LG