Accessibility links

Айман Омарованы апелляция сотында 28 адвокат қорғайды


Адвокат Айман Омарова.

Адвокат Айман Омарова.

Алматы қалалық сотында бүгін адвокат Айман Омарованың өзінің Алматының коррупцияға қарсы қызметі тергеу тобының жетекшісі Бауырдан Мұжықовтың іс-әрекетіне берген шағымы бойынша алғашқы сот инстанциясы шығарған шешімге апелляциясы қаралып жатыр. Адвокат Омарованың айтуынша, тергеуші өзін "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаржы ұрлау фактісі бойынша қозғалған істегі басты күдікті Талғат Ермегияевтің бұрынғы жүргізушісі Саят Нәдірбаевтың ісі бойынша куәгер ретінде төрт рет тергеуге шақырған.

Бүгінгі сотта Айман Омарованы республикалық, облыстық және қалалық адвокаттар алқасының 28 адвокаты қорғайды. Республикалық адвокаттар алқасының адвокаты Әнуар Түгел Азаттыққа даулы іске қатысы бар адамдардың құқығын қорғайтын адвокаттарға "қысым көрсету" тенденциясы барын айтады.

8 сәуірде Медеу аудандық сотының судьясы Бауыржан Күншаев Бауыржан Мұжықовтың әрекетін заңды деп таныған. Сот аяқтала сала Мұжықов Омароваға кезекті рет тергеуге шақыру қағазын берген. Омарова тергеуге бармайтынын және Күншаевтың шешіміне қалалық сотқа шағымданатынын айтқан.

Коррупцияға қарсы қызметтің хабарлауынша, Саят Нәдірбаев 2016 жылы 28 наурызда ұсталған. Ол өткен жылы тамыздан бері іздеуде жүрген. Тергеушілер Нәдірбаевты осы іске қатысты адамдар жасырып отырған дейді.

XS
SM
MD
LG