Accessibility links

Ресейлік фотограф Пулитцер сыйлығын алды


Сергей Пономаревтің алғашқы World Press Photo сыйлығын алған суреті.

Сергей Пономаревтің алғашқы World Press Photo сыйлығын алған суреті.

Ресейлік фотограф Сергей Пономарев 2016 жылғы АҚШ-тың журналистика саласындағы Пулитцер сыйлығын "Жаңалықтық сурет" категориясы бойынша жеңіп алды. Бұл туралы Пулитцер сыйлығы сайтында хабарланды.

Сыйлықты ол Таяу Шығыстан Еуропаға барған босқындарды түсірген суреті үшін алды. Пономарев өзге үш суретшімен бірге Грекия, Словения және Венгрияда суреттер түсірген. Оның суреттерін АҚШ-тың көптеген газеттері, оның ішінде New York газеті басқан. Пономарев АҚШ-тың журналистика саласының жүлдесін алған алғашқы алғашқы ресейлік емес. Оған дейін Пулитцер сыйлығын Associated Press-тің Мәскеудегі тілшісі Александр Земляниченко екі рет алған.

Пономиаревпен бірге Пулитцер сыйлығын Маурисио Лима, Тайлер Хикс және Дэниел Эттер босқындардың өмірі туралы жасаған хабары үшін алды.

XS
SM
MD
LG