Accessibility links

Сирияда қоршаудағы қалалардан 500 адам шығарылды


Сирияның Мадайя және Забадани қалаларынан әкетілген жаралы тұрғындар Идлиб провинциясына әкетілді. Сирия, 21 сәуір 2016 жыл.
Сирияның Мадайя және Забадани қалаларынан әкетілген жаралы тұрғындар Идлиб провинциясына әкетілді. Сирия, 21 сәуір 2016 жыл.

Төтенше жағдайлар қызметтері Сирияның қоршауда қалған қалаларынан 500-ден астам жаралы адамды эвакуациялады. БҰҰ дерегінше, "өмірін құтқарып қалатын медициналық көмекке аса мұқтаж адамдар" 20 сәуір күні кешке қарай автобустармен әкетілген.

Құтқарылғандардың 250-ге жуығы көтерілісшілер бақылауындағы, Ливанмен шекараға жақын Мадайя және Забадани қалаларынан шығарылған. Қалған 250-дей адам Сирияның солтүстік-батысындағы үкімет күштерінің бақылауында тұрған Фуа және Кефрайя қалаларынан әкетілген.

БҰҰ-ның Сириядағы гуманитарлық қызмет күштерінің басшысы Ян Эгланд қоршаудағы қалалардан бірінше рет 500 адамның шығарылуын "үлкен жеңіс" деп атады.

Эвакуацияны сириялық Қызыл Жартыай ұйымы Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесе отырып жүргізген.

XS
SM
MD
LG