Accessibility links

БҰҰ Сириядағы бітімді нығайтуға шақырды


Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі арнайы өкілі

Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі арнайы өкілі

БҰҰ-ның Сирия мәселесі жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура Сириядағы бейбіт келіссөзді жандандыру үшін "әзер сақталып тұрған" бітімді "құтқаруға" шақырды.

"Тек бомбалау мен атыс туралы хабарды естіп жатқанда келелі келіссөз туралы қандай әңгіме болуы мүмкін?" деді Стаффан де Мистура Женевада өткен екі апталық келіссөз аяқталатын кезде.

Де Мистура тек 48 сағаттың өзінде қайта басталған ұрыста әр 25 минутта бір сириялық азамат қаза тапқанын айтты.

"Сирияда қақтығыстың ушықпауына мүдделі Ресей мен АҚШ-тың қазір әлі күшінде болғанымен, бұзылуға шақ тұрған бітімге жан бітіруге қабілетті емес дей алмаймыз" деді Стаффан де Мистура.

Өткен аптада Сириядағы басты оппозициялық топ - оппозициялық Жоғары деңгейлі келіссөз комитеті Сирия үкімет күштері бітімді бұзып жатыр деп қарсылық танытып келіссөзден шығып кеткен.

БҰҰ Қаупісіздік кеңесінде өткен брифингтен соң Мистура мамыр айында Сирия келіссөзінің жаңа кезеңін бастауға ниетті екенін, бірақ нақты мерзімі әлі белгіленбегенін айтты.

XS
SM
MD
LG