Accessibility links

Ақтөбеде митингіден хабар таратқан журналистен түсінік алды


Ақтөбедегі жер дауына қатысты митинг. 27 сәуір 2016 жыл. Сурет Ольга Климонованың Facebook парақшасынан алынды.
Ақтөбедегі жер дауына қатысты митинг. 27 сәуір 2016 жыл. Сурет Ольга Климонованың Facebook парақшасынан алынды.

Ақтөбеде 27 сәуірде болған митингіден хабар таратқан құқық қорғаушы әрі журналист Ольга Климонованы бүгін таңертең үйінен полицияға апарып, біразы уақыттан соң босатты. Бұған дейін әлеуметтік желілерде бүгін таң ата Ақтөбеде полиция Климонованы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіне (ІІД) жауап алуға апарғаны хабарланған.

Ольга Климонова Азаттық тілшісімен сұхбатта полиция өзін кеше Тұңғыш президент паркінде өткен бейбіт митингіден хабар таратқанына байланысты апарғанын айтты.

- Менен түсініктеме алды, барлық сұрақтарға жауап жаздым. Сағат 12-ден 16-ға дейін қайда болғаным, не істегенім және митингіде қандай мақсатпен болғаным және бұдан ары материалдар жариялағаным туралы жауап жаздым. Мен өзге журналистер сияқты жұмыс істейтінімді айттым, - деді Климонова.

Ол полиция кеңсесіне барғанда кеше митингіде болған бірнеше адамды көргенін айтты.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінде Азаттыққа Ольга Климоноваға қатысты ақпаратты бүгін түстен кейін беруге уәде етті.

27 сәуірде Ақтөбеде түстеАн кейін Тұңғыш президент паркінде үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін сату және шетелдіктерге жалға беру жоспарына қарсы рұқсат етілмеген бейбіт митинг өткен. Митингке бірнеше жүз адам қатысқан. Митингте жерді сатуға мораторий енгізу талабы қойылған. Осыған ұқсас митинг кеше Семейде де өткен.

24 сәуірде Атырауда да жерді сату мен шетелдіктерге жалға беруге қарсы жүздеген адам қатысқан рқсат етілмеген митинг болған.

XS
SM
MD
LG