Accessibility links

Иранда "хиджабсыз суретке қатысы барларды" тұтқындап жатыр


Facebook-тегі Ирандағы хиджабқа қарсы кампания аясында салынған сурет (Көрнекі сурет).

Facebook-тегі Ирандағы хиджабқа қарсы кампания аясында салынған сурет (Көрнекі сурет).

Иран билігі модельдердің хиджабсыз суретін интернетте жариялауға қатысы бар деген күдікпен сегіз адамды тұтқындады. Иранда әйелде хиджаб тағуға міндетті. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, Instagram қолданатын, "желіге" қатысы бар деп 170 адам танылған. Олардың арасында 58 модель, 51 киім дизайнері, 59 фотограф пен визажист бар. Телеарна хабарында бұл адамдар "Ирандағы отбасы негіздерін бұзды" деп айыпталады.

29 адамға айып тағылған. Полиция оларды "негізгі менеджерлер мен желінің қатысушылар" деп атайды. Хабарда сонымен қатар бір әйелдің өз суреттерін ақша үшін салғанын мойындағаны көрсетіледі. Оған қандай айып тағылғаны белгісіз.

Иран мемлекеттік телеарнасы бұған дейін де қысым арқылы жасалған мойындауларды талай рет көрсеткен. Өткен аптада Иран рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи интернетті діни қайраткерлер мен семинария студенттері "дұрыс емес және қате идеялармен" күресуі тиіс "майдан алаңы" деп атаған.

XS
SM
MD
LG