Accessibility links

Қазақстанда докторантураға түсу ережесі өзгереді


Студенттер (Көрнекі сурет).
Студенттер (Көрнекі сурет).

Қазақстанда докторантураға тек үш жыл еңбек өтілі бар талапкерлер ғана құжат тапсыра алады. Бұл туралы Азаттыққа білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, биылдан бастап докторантураны ақылы негізде оқуға құжат тапсыруға болады. Ақылы білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі.

Биыл Қазақстанда докторантураға 628 грант бөлінеді. Білім министрлігінің дерегінше, қазір Қазақстан университеттерінде 2288 докторант оқып жатыр.

Бұған дейінгі ереже бойынша Қазақстанда талапкерлер магистратура бітірген соң бірден докторантураға құжат тапсыра беретін.

XS
SM
MD
LG