Accessibility links

ҚТЖ: Достық-Алашанькоу теміржол өткелінде пойыз соқтығысты


Қазақстандағы ресьстен шығып кеткен жүк пойызы (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы ресьстен шығып кеткен жүк пойызы (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Қытаймен шекарасына жақын Достық-Алашанькоу теміржол өткелінде 19 мамыр күні таң ата екі жүк пойызы соқтығысты деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы" компаниясының баспасөз қызметі.

Компнаия мәліметінше, "Түрксіб транс тасымалы" жеке жеке меншік компаниясының локомотив бригадасы басқаратын екі пойыздың соқтығысынан өрт пайда болып, вагондар жолдан шығып кеткен. Теміржол апатынан ешкім зардап шекпеген.

Алдын ала болжам бойынша, пойыз соқтығысына локомотивтегі тежеуіш жүйесінде шыққан ақау себеп болған.

Қазір оқиға орнында "Қазақстан теміржолы" компаниясының арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG