Accessibility links

Атырауда тағы бір белсенді 15 тәулікке қамалды


Атыраулық белсенді Ерлан Башақов.

Атыраулық белсенді Ерлан Башақов.

Атырауда азаматтық белсенді, 24 сәуірде болған жер мәселесіне қатысты митингіге қатысқан Ерлан Башақов "рұқсатсыз митинг ұйымдастырмақ болды" деген айыппен 15 тәулік әкімшілік қамауға алынды. Сот Атырау қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында түнгі сағат 12-ге дейін болған.

Атырауда Ерлан Башақовтың әйелі, кәсіпкер Айгүл Бекмембетова орталық алаң жанында орналасқан кеңсесінде тінту жүріп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, тінту туралы қаулыда кеңсесі емес, Ерлан Башақовтың пәтеріне тінту жүргізу туралы жазылған.

XS
SM
MD
LG