Accessibility links

MH17 рейсі апатын тергеу ісінде "ілгерілеушілік" бары айтылады


Донбасс аспанында апатқа ұшыраған ұшақтың жерден табылған сынықтарынан қайтадан құрастырылған фюзеляж бөлігі. Нидерланд, 2015 жылдың соңында түсірілген сурет.

Донбасс аспанында апатқа ұшыраған ұшақтың жерден табылған сынықтарынан қайтадан құрастырылған фюзеляж бөлігі. Нидерланд, 2015 жылдың соңында түсірілген сурет.

Нидерланд тергеушілері сұратқан «Бук» зымыран кешеніне қатысты материалдарды Ресей әлі күнге дейін бермей отыр.

Шығыс Украинаның әуе кеңістігінде 2014 жылы 17 шілдеде 298 адамның ажалына себеп болған MH17 жолаушылар рейсінің апатына байланысты Нидерланд жүргізіп жатқан тергеу ісінде «ілгерілеушілік» бары айтылады. Болжам бойынша, тергеу қорытындысы биыл күзде дайын болуы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі Нидерланд құқық органдарындағы ресмилерге сілтеме жасап хабарлады.

Нидерланд прокуратурасының мәлімдемесінде бұл іске қатысты бірнеше мемлекеттен жәрдем көрсетулерін сұрап өтініш жасалғаны, бірақ «Бук» зымыран кешеніне қатысты Ресейден әлі күнге дейін жауап болмай отырғаны айтылған. Малайзиялық жолаушылар ұшағын «Бук» зымыраны атып түсірген болуы мүмкін деген болжам бар.

Мәлімдемеде ұшақты атып түсірген қару және оны нақты қай жерден атқаны жайлы тергеудің түпкілікті қорытындысында егжей-тегжейлі баяндалатын болады делінген.

XS
SM
MD
LG