Accessibility links

Марқұмдардың отбасыларына Назарбаевтың атынан көңіл айтылды


Бердібек Сапарбаев "Ақтөбе ақпарат" орталығында облыстағы аxуал туралы мәлімдеме жасап отыр. Ақтөбе, 6 маусым 2016 жыл.
Бердібек Сапарбаев "Ақтөбе ақпарат" орталығында облыстағы аxуал туралы мәлімдеме жасап отыр. Ақтөбе, 6 маусым 2016 жыл.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде қаза тапқан азаматтардң отбасыларына барып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айту білдірді.

"Нұр Отан" партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құл-Мұхаммед пен Сапарбаев 5 маусымда шабуыл кезінде қаза тапқан Николай Онищенко мен Михаил Матросовтың үйіне барған. Олар марқұмдардың туыстары мен жақындарына Назарбаевтың атынан көңіл айтып, "олармен бірге бүкіл Қазақстан қайғыратынын" айтқан.

Сапарбаев пен Құл-Мұхаммед "қылмыскерлер заңмен қатаң жазаланатынын", ал марқұмдардың отбасыларына көмек пен қолдау көрсетілетінін, ешкім назардан тыс қалмайтынын айтқан.

5 маусымда екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, дүкеннен біраз қару-жарақты алып кеткендердің бір бөлігі әскери бөлімге шабуылдаған. Дүкен мен әскери бөлімде қарулы топ пен полиция арасында атыс болған. Атыс пен одан кейінгі арнайы операциядан қаза тапқандардың жалпы саны ресми мәлімет бойынша осымен 19 адамға жетті. Олардың үшеуі - бейбіт тұрғын, үшеуі - әскери қызметкер, қалғаны - шабуыл жасады деген күдіктілер.

Ақтөбеде қазір террорлық қауіп-қатердің "қызыл деңгейі" жарияланған.

XS
SM
MD
LG