Accessibility links

ТМД елдері премьерлері 20 шақты құжатқа қол қойды


ТМД елдері үкімет басшыларының жиыны. Бішкек, 7 маусым 2016 жыл.

ТМД елдері үкімет басшыларының жиыны. Бішкек, 7 маусым 2016 жыл.

Бішкекте Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдер үкімет басшыларының жиыны аяқталды. Кездесу қорытындысында 20-дан астам мәселе талқыланып, 16 құжатқа қол қойылды.

Кездесуде еркін сауда аймағы туралы 2011 жылдың 11 қазанындағы келісім туралы хаттамаға, мемлекеттік сатып алу процедуралары туралы ережеге, агробио әртүрлілікті сақтау туралы конвенцияға, электр энергетикасы нысандарындағы апат туралы ақпарат алмасу жайлы келісімге, білім беру, транспорт, әскери саладағы ынтымақтастық туралы конвенцияларға қол қойылды.

ТМД-ның атқару кеңесінің төрағасы Сергей Лебедев ТМД үкімет басшыларының ендігі жиыны 26 қазанда Минскіде өтетінін хабарлады.

ТМД елдері басшыларының саммиті биыл 16 қыркүйекте Бішкекте өтеді.

XS
SM
MD
LG