Accessibility links

Санкт-Петербургте Қадыров атындағы көпірге қарсылық танытты


Санкт-Петербургте Ахмад Қадыровтың атымен аталған көпір.
Санкт-Петербургте Ахмад Қадыровтың атымен аталған көпір.

Санкт-Петербургте бірнеше жүз демонстрант жаңа көпірге Шешенстанның бұрынғы президенті Ахмад Қадыровтың есімін беруге қарсылық танытты. Демонстрацияға қатысқандар Қадыровтың қалаға ешқандай қатысы жоғын мәлімдеді.

Шешенстанның қазіргі президенті Рамзан Қадыровтың әкесі Ахмад Қадыров 2004 жылы бомба жарылысынан қаза тапқан. Құқық қорғаушылар Ахмад Қадыров билік құрған уақытта Шешенстанда азаптау, адам ұрлау және өздігінен соттап жіберу көп болғанын айтады.

Көпірді Қадыровтың атымен атау туралы ұсынысты өткен айда Санкт-Петербургтің ономостика комитеті ұсынған. Бұл ұсынысқа қарсы онлайн петицияға 70 мыңнан астам қол қойылған.

Ресейдегі оппозиция жетекшілерінің бірі Илья Яшин ұсыныс Санкт-Петербургті ғана емес, бүкіл елді масқаралайды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG