Accessibility links

Ердоған депутаттарды қол сұғылмау құқығынан айыратын заңға қол қойды


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған депутаттарды қол сұғылмаушылық құқығынан айыратын заңға қол қойды. Заң парламенттегі күрдшіл және билікке қарсы өзге де депутаттарды сот арқылы қудалауға мүмкіндік тудырады.

За жобасын Ердоған күрдшіл Халықтық демократиялық партиясын көтерілісшілермен байланысы бар деп айыптаған соң Әділет және даму партиясы даярлап ұсынған. Түркия президенті ол депутаттарды терроризм айыбымен жауапқа тартуға бірнеше рет шақырған.

Заң жобасын бұған дейін Германия мен Еуропа Одағы сынаған. Құжатты сонымен қатар ұсынысқа қарсы оппозицияшыл депутаттар да сынаған. Халықтық демократиялық партиясы күрдтер мен басқа да азшылық топтардың құқығын қорғайды және ол тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының саяси қанаты екенін жоққа шығарады. 20 мамырда өткен дауыс беруде заң жобасын 550 депутаттың 376-сы қолдап, құжат референдумға түспейтін болды.

XS
SM
MD
LG