Accessibility links

Путин Беларусьті Ресейге азық-түлікті көбірек экспорттауға шақырды


Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кезедсіп отыр. Минск, 8 маусым 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кезедсіп отыр. Минск, 8 маусым 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Беларусьті Ресейге ауылшаруашылық өнімдерін көбірек экспорттауға және эмбарго салынған Батыс елдері азық-түлік өнімдерінің Беларусь территориясы арқылы Ресейге контрабандалық жолмен жеткізілуін тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Путин 8 маусымда Минскіде Беларусь-Ресей өңіраралық форумында айтты.

Ресей 2014 жылы Еуропа Одағы, АҚШ, Канада және басқа да бірқатар елден азық-түлік өнімдерін экспорттауға эмбарго салған. Бұған Батыс елдерінің Ресейге Мәскеудің Украинадағы басқыншылығына байланысты санкциялар салуы себеп болған.

Путин сонымен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенкоға Ресей үкіметі Минскімен Беларусьтің Ресей табиғи газы үшін төлейтін бағасына қатысты дауды шешу жұмыстарын жасауы тиіс екенін айтты.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Газпром" мен Беларусь арасында жасалған "келісімдерді ұзартуға шешім қабылданғанын" айтты.

Песков сонымен қатар Путин мен Лукашенко бағынышты министрлеріне "газ бағасы мен келісім шарттарына қатысты дауларды жоғары деңгейдегі талқылауға жеткізбей шешуге қатаң тапсырма бергенін" хабарлады.

8 маусымда бұдан ертерек Песков пен Беларусь премьер-министрі Андрей Андрей Кобяков газ бағасы мәселесін "проблема" деп атаған.

Кобяков газ бағасы мәселесі шешілмеген күйде қалғанын және келіссөз жалғасатынын айтты.

XS
SM
MD
LG