Accessibility links

Еуро-2016: Уэльс Словакияны ұтып, Ресей мен Англия тең түсті


Уэльс командасының қорғаушысы Эшли Уильямс (сол жақта) пен Словакия құрамасының шабуылшысы Михал Дюри ойын кезінде. Бордо, Франция, 11 маусым 2016 жыл.
Уэльс командасының қорғаушысы Эшли Уильямс (сол жақта) пен Словакия құрамасының шабуылшысы Михал Дюри ойын кезінде. Бордо, Франция, 11 маусым 2016 жыл.

Футболдан Еуропа чемпионатындағы «В» тобында кездескен Ресей мен Англия құрамаларының ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды. Сенбі күні Марсель қаласында өткен матчта Англия құрамасынан Эрик Дайер, Ресей командасынан – Василий Бурузуцкий гол салды.

«В» тобында өткен екінші ойында Уэльс командасы Словакия құрамасын 2:1 есебімен ұтып, осы топта 3 ұпаймен алға шықты. Англия мен Ресейдің әрқайсысында бір ұпайдан бар, Словакияда әзірше ұпай жоқ.

Бұл топта 15 маусымда өтетін келесі матчта Словакия ресейліктермен кездеседі, ал 16 маусымда Уэльс футболшылары Англия командасымен ойнайды.

Францияда өтіп жатқан Еуропа футбол чемпионатына 24 команда қатысып жатыр. Еуропа біріншілігі шілденің 10-ына дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG