Accessibility links

АҚШ-та белгісіз біреу гей-клубта оқ атқан


Полиция қызметкерлері төтенше оқиға болған клубтың жанында тұр. Флорида штаты, АҚШ. 12 маусым 2016 жыл.
Полиция қызметкерлері төтенше оқиға болған клубтың жанында тұр. Флорида штаты, АҚШ. 12 маусым 2016 жыл.

АҚШ-тың Флорида штаты Орландо қаласындағы Pulse атты түнгі гей-клубта белгісіз біреу қарудан оқ жаудырып, салдарынан көп адам жараланған деп хабарлады батыс ақпарат агенттіктері жергілікті полицияға сілтеме жасап. Құқық органдары қызметкерлері Twitter әлеуметтік желісі арқылы қала тұрғындарына оқиға болған жерден аулақ жүруге кеңес берген.

Жергілікті ақпарат құралдары оқиғадан кемінде 20 адам зардап шеккен деп хабарлады. Кей деректер бойынша, шабуыл жасаған кісі адамдарды кепілге алған. Клуб маңына ондаған жедел жәрдем көлігі барған.

Атыстан кейін бірер сағат өткенде түнгі клубтың жанында жарылыс болған. Полиция жарылғыш зат қашықтан іске қосылған деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG