Accessibility links

Әзербайжан мен Армения оқ атпау келісімін бұзды деп бір-бірін айыптады


Таулы Қарабақтағы атыс болып жатқан тұстан әуеге көтерілген түтін. 19 мамыр 2016 жыл.
Таулы Қарабақтағы атыс болып жатқан тұстан әуеге көтерілген түтін. 19 мамыр 2016 жыл.

Әзербайжан тарабы Армения қарулы күштерін екі жақтың арасын бөліп тұрған сызық бойында 12 рет оқ атты деп айыптады. Таулы Қарабақтағы әскерилер болса Әзербайжан артиллериялық қарудан атқылады деп мәлімдеген. Әзербайжан жағының мәліметі бойынша, Газах ауданындағы Баладжафарли ауылындағы позицияларды Арменияның Иджеван ауданындағы Айговит елді мекені тұсынан атқылаған.

Сондай-ақ Әзербайжан қарулы күштері позицияларына Тертер ауданындағы Чилябурт, Физуллин ауданы Горадиз, Ашагы Сейидахмедли және Ашагы Вейселли ауылдарындағы позициялардан оқ атылған деп хабарлады Тренд агенттігі әзербайжандық әскерилерге сілтеме жасап. Бұл айыптауларға қатысты Армения қарулы күштері өкілдерінен әзірше комментарий түскен жоқ.

Өз кезегінде өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ әскерилері қарсылас тараптар арасын бөліп тұрған сызық бойында жағдай бірқалыпты деп мәлімдеген. «Қарсылас тарап негізінен артиллериялық қарудан атқылап, оқ атпау келісімін бұзды», – деген Таулы Қарабақ әскерилерінің сөзін келтірген «Спутник-Армения» сайты.

XS
SM
MD
LG