Accessibility links

Алматы әуежайында Стамбул рейстері тоқтатылды


Стамбулдың Ататүрік әуежайындағы жолаушыларды тіркеу залы. Түркия, 29 маусым 2016 жыл.
Стамбулдың Ататүрік әуежайындағы жолаушыларды тіркеу залы. Түркия, 29 маусым 2016 жыл.

Алматы әуежайында бүгін Стамбулға ұшуы тиіс бір рейс бөгеліп, тағы бір рейс тоқтатылған.

Әуежайдың ұшақ рейстері кестесіндегі ақпаратқа қарағанда, бүгін Turkish Airlines компаниясының таңертеңгі сағат 6:45-те Стамбулға ұшуы тиіс рейсі бөгеліп, сағат 10-да ұшуы тиіс тағы бір рейсі тоқтатылған. Сонымен қатар осы компанияның таңертең Стамбулдан ұшып келуі тиіс рейсі де тоқтатылған.

Кеше, 28 маусым күні кешке Стамбулдың халықаралық Ататүрік әуежайында жанкештілер шабуыл жасап, үш жарылыс болған. Жарылыстар салдарынан ресми мәлімет бойынша 36 адам қаза тауып, 140-тан астам адам жараланған. Бұл оқиғаға байланысты әуежайға ұшып келетін ұшақтар жақын әуежайларға жіберіліп, ұшып кететін ұшақтар рейсі уақытша тоқтатылған. Жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 3-те әуежай жұмысын қайта қалғастырған.

XS
SM
MD
LG