Accessibility links

Алматыда «Түркі романтизмі» көрмесі ашылды


«Түркі романтизмі» көрмесіне келгендер Өзбекстан суретшісі Павел Пантюхиннің «Бақытты балалық» (1987 жылы жазылған) туындысын тамашалап тұр. Алматы, 1 шілде 2016 жыл.

«Түркі романтизмі» көрмесіне келгендер Өзбекстан суретшісі Павел Пантюхиннің «Бақытты балалық» (1987 жылы жазылған) туындысын тамашалап тұр. Алматы, 1 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің орталық көрме залында «Түркі романтизмі» картиналар көрмесі ашылды. Көрмеге Алматы тұрғыны Александр Невгоданың жеке коллекциясындағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан суретшілерінің қырықтан астам туындылары қойылған.

Невгоданың айтуынша, бұл көрме өнерде социалистік реализм үстемдік еткен дәуірде өмір сүрген адамдарға арналған. Көрмеде негізінен 1991 жылға дейін жазылған, өмірді социалистік реализмнің идеялық-эстетикалық принциптері негізінде бейнелейтін картиналар жұртшылық назарына ұсынылған.

Көрмеде Абдулхақ Абдуллаев, Рахим Ахмедов, Борис Брынских, Юрий Зорькин және Руза Чарыев сынды Өзбекстан суретшілерінің шығармалары көп кездеседі. Қазақстандағы соцреализм кезеңі Нағымбек Нұрмұхаммедов, Табонияз Кәрібжанов, Амандос Ақанаев және басқа авторлардың шығармаларында бейнеленген. Көрмеге Виктор Тюрин, Федор Голощапов және өзге қырғызстандық қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған.

Картиналар авторлардың көркемдік талғамын, ұлттық нақыш, жанр мен стиль алуандығын, шеберлердің дара тұлғасын ашады.

Сонымен бірге көрмеде Өзбекстанның қазіргі заманғы суретшілері – Сардор Аллабергенов пен Әнуар Бахтеевтың бірнеше туындысы да бар.

XS
SM
MD
LG