Accessibility links

Бағдатта екі жарылыстан жиырмадан астам адам мерт болған


Жарылыс салдарынан өрт болып жатқан маңда тұрған адамдар. Бағдат, Ирак, 3 шілде 2016 жыл.
Жарылыс салдарынан өрт болып жатқан маңда тұрған адамдар. Бағдат, Ирак, 3 шілде 2016 жыл.

Өткен түнде Ирак астанасының орталығында екі жарылыстан көп адам мерт болған. Әуелі автокөлікте болған жарылыс салдарынан кемінде 18 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен. Жарылыс дүкендер мен дәмханалар жиі орналасқан ауданда, Оразадағы ауызашардан кейін адам қарасы көбейген шақта жасалған.

Арада біршама уақыт өткенде Бағдаттың солтүстік бөлігінде қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылып, бірнеше адамды мерт қылған. Жиырмаға жуық адам жараланған.

Кей ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Бағдаттағы жарылыстарға жауапкершілікті алатыны туралы мәлімдеме жасаған. Ирак үкіметі әзірше ол ақпаратқа қатысты ештеңе айтқан жоқ.

XS
SM
MD
LG