Accessibility links

Меркель Қырғызстанға ресми сапармен келеді


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель 13-14 шілдеде арнайы іссапармен Бішкекке келеді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сапар барысында Меркель Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен келіссөздер жүргізіп, Қырғызстан парламенті депутаттарымен кездеседі.

Бұл Меркельдің Қырғызстанға алғашқы сапары болмақ. Наурызда Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Қырғызстанға арнайы сапармен келген. Ол сапар барысында Штайнмер терроризммен күрес, екі жақты экономикалық қатынас туралы мәселелерді талқылаған.

XS
SM
MD
LG