Accessibility links

Ниццада шабуылдан ондаған адам мерт болды


Ницца қаласыфндағы шабуыл болған орын. Франция, 14 шілде 2016 жыл.

Ницца қаласыфндағы шабуыл болған орын. Франция, 14 шілде 2016 жыл.

Францияның Ницца қаласында шабуылдан ондаған адам қаза тапты. Соңғы мәліметтер бойынша, құрбандар саны 80 адамға дейін жетуі мүмкін. Ондаған адам жараланған. Бастилияны алу күнін атап өтіп жатқан қалың көпшілік адам тұрған жерге жүк көлігі баса көктеп барып, адамдарды таптаған. Ницца мэрі Кристиан Эстроси тұрғындарға үйлерінен шықпауды ұсынды. Полиция жүк көлігінің жүргізушісін атып тастаған. Кейбір мәліметтер бойынша, полиция жүк көлігінен қару-жарақ тапқан.

Шабуыл халық танымал Ағылшын жағалауында фейерверкті тамашалап тұрған кезде болған. Куәгерлердің айтуынша, барлық жерде адам денелері шашылып жатқан және атыс үні естілген. Associated Press агенттігі жүргізуші әуелі топ адамды басып, сосын оқ атқанын хабарлайды.

Францияда мереке қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Париждегі дәстүрлі әскери парадта 11 мың 500 қауіпсіздік қызметкері қатысқан.

XS
SM
MD
LG