Accessibility links

ХОК: Ресей спортшыларының Риоға қатысуын әр спорт федерациясы жеке шешеді


ХОК президенті Томас Бах.
ХОК президенті Томас Бах.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Ресей спортшыларын Рио олимпиадасынан шеттетпейді. Бірақ ресейлік спортшыларды олимпиадаға жіберу мәселесін әр спорт федерациясы жеке шешеді. Бүгін ХОК атқару комитетінің шұғыл отырысында осындай шешім қабылданды.

Сондай-ақ ХОК шешімімен осыған дейін допинг қолданып, жазаланған ресейлік спортшылар Рио олимпиадасына қатыспайды.

Бұған дейін халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) ресейлік жеңіл атлеттерді Рио олимпиадасынан шеттеткен.

Ресейлік жеңіл атлеттер халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізген тексеру нәтижесі жарияланған соң Олимпиададан шеттетілген. WADA есебінде Сочиде 2014 жылы өткен қысқы Олимпиада ойындары барысында арнайы қызметтер допинг сынамаларын ауыстыру бойынша кең көлемді операция ұйымдастырғаны айтылған.

Ресейлік құраманы толығымен жарыстан шеттетуді 14 допингке қарсы ұлттық агенттік талап еткен. ХОК тарапына допинг дауына ілінбеген ресейлік «таза» спортшылардың жарысқа қатысуына мүмкіндік туғызу үшін жедел топ құру туралы ұсыныс жасалған.

ХОК шешімі бойынша, Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко бастаған бірнеше шенеунік Рио олимпиадасына қатыса алмайды.

XS
SM
MD
LG