Accessibility links

Ауыр атлет Горичева - олимпиаданың қола жүлдегері


Карина Горичева Рио олимпиадасында. Рио-де-Жанейро. 9 тамыз 2016 жыл.
Карина Горичева Рио олимпиадасында. Рио-де-Жанейро. 9 тамыз 2016 жыл.

Ауыр атлетикадан әйелдер арасында 63 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлет Карина Горичева қола медаль иеленді, көрсеткіші - 243 килограмм. Ол жұлқа көтеруде 111 килограмды, серпе көтеруде 132 килограмды еңсерді.

Күміс жүлделі Хью Сим Чойдың (Солтүстік Корея) нәтижесі - 248 кг (105+143). Алтынды үш дүркін әлем чемпионы қытайлық Дэн Вей алды. Ол 262 килограм (115+147) көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Бұрынғы 261 килограмдық рекорд тайпейлік Лин Цу Шиге тиесілі болған. Ол бұл рекордты Инчондағы (Оңтүстік Корея) Азия ойындарында орнатқан еді.

Бұл - Қазақстанның Риодағы төртінші медалі. Осыған дейін дзюдошылар Елдос Сметов - күміс, Галбадрах Отгонцэцэг - қола, тағы бір ауыр атлет Фархад Харки қола медаль жеңіп алған.

XS
SM
MD
LG