Accessibility links

Министрлік: Украинамен тауар айналымы 41,2 пайызға азайды


Қазақстан мен Украина тулары (Көрнекі сурет).

Қазақстан мен Украина тулары (Көрнекі сурет).

Ұлттық экономика министрлігі Украинамен арадағы тауар айналымы кәдімгідей азайғанын хабарлады. Азаттықтың ресми сауалына жіберген жауабында министрлік мемлекеттік кіріс комитетіне сілтеме жасап, 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығындағы Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 539 миллион АҚШ долларын құрағанын, былтырғы осы аралықпен салыстырғанда 41,4 пайызға (381 миллион АҚШ долларына) қысқарғанын айтады. Биылғы жарты жылдықтағы Қазақстанның Украинаға экпорты 313,2 миллион АҚШ долларын құрап, былтырғымен салыстырғанда 33,8 пайызға немесе 160,3 миллион АҚШ долларына азайған. Қазақстанның биылғы маусымға (маусымды қоса алғанда) дейінгі импорты 225,8 миллион АҚШ долларын құрап, 49,4 пайызға төмендеген.

«Украина импортының қысқаруының негізгі себебі - Ресей арқылы транзит рәсімдерінің қиындауында. Тауар айналымының төмендеуіне сонымен бірге әлемдік экономикалық өсім қарқынының баяулауы және Ураинадағы экономикалық жағдай, жекелеп айтқанда, Украинаның экспорттық потенциалына әсер еткен кейбір металлургиялық және машина жасау өндіріс көлемінің қысқарғаны себеп болды» делінген ресми жауапта.

Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, сонымен қатар машина жасау саласында «бәсекеге қабілетті өзге шетелдік аналогтардың пайда болғаны», Еуразия экономикалық одағының іске қосылып, Ресей және Беларусы азық-түліктерінің Қазақстан нарығында көбеюуі, Қазақстанның өз ішінде индустрияландыру процестері екі ел арасындағы тауар айналымы көлемін азайтқан.

XS
SM
MD
LG