Accessibility links

Назарбаев Путинге Порошенконың "Донбаста мәміле жасау ниетін" айтты


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) Сочиде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алып тұр. 16 тамыз 2016 жыл
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) Сочиде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алып тұр. 16 тамыз 2016 жыл

16 тамыз күні Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев украиналық әріптесі Петр Порошенконың "Донбастағы қақтығысты тоқтату бойынша Мәскеумен мәміле жасауға дайын екенін" айтқан. Назарбаев "жуырда Порошенкомен телефон арқылы сөйлескенін" хабарлаған.

Назарбаевтың сөзінше, Порошенко Украинаның шығысындағы кейбір аудандардың мәртебесі туралы заңды қабылдауға парламенттің кедергі жасап отырғанын айтқан. Донбастағы бұл аудандарға 2014 жылғы көктемнен бері ресейшіл сепаратистер бақылау орнатып, жартылай автономия сұраған.

Сочидегі кездесуде Путин Назарбаевқа Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын жақсарту бойынша атқарған қызметі үшін алғыс білдірген. Ресей президенті Қазақстанмен арадағы азайып бара жатқан сауда көлемі қайта ұлғаяды деп үміттенетінін айтқан.

Назарбаев журналистермен кездескен кезде биылдың соңына дейін Путинмен әлі кем дегенде бес рет жүздесетінін мәлімдеді. Сочидегі келіссөз Назарбаевтың 2012 жылдан бергі Путинмен ресми түрде 19-кездесуіне айналды.

XS
SM
MD
LG