Accessibility links

Назарбаева шенеуніктерді "интернетте жұмыс істеуді" үйренуге шақырды


Дариға Назарбаева, Қазақстан вице-премьері.
Дариға Назарбаева, Қазақстан вице-премьері.

Вице-премьер Дариға Назарбаева бүгін Астанада мемлекеттік органдар "ақпарат берудің заманауи әдістері мен жаңа форматтарын" қолдануы керегін мәлімдеді.

Қазақстан премьер-министрі сайтының хабарлауынша, Назарбаева қазір қоғамда ешнәрсені жасыруға болмайтынын айтқан. "Әрбір мемлекеттік орган мемлекеттің ақпараттық-идеологиялық жұмысында, ақпарат беруде заманауи әдістер мен жаңа форматтарды қолдануы керек. Біз қазір басқа қоғамда өмір сүреміз, ешнәрсені жасырып, жабуға болмайды" деген Назарбаева. Оның сөзінше, интернет, әлеуметтік желілер биліктің ресми органдарынан анағұрлым жылдам жұмыс істейді.

"Біз бүгінде бұл бәсекелі күресте ұтылып жатырмыз. Сондықтан сіздер интернет пен әлеуметтік желілерде жұмыс істеп үйренуге тиіссіздер" деген Назарбаева.

Астанада бүгін үкімет үйінде Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен мемлекеттік ақпараттық саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Жиында ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ақпараттық жұмыста мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауының қазіргі жайы туралы баяндаған.

XS
SM
MD
LG