Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД басшысы ауысты


Жолдасбай Ерәлиев ауылдық округі аумағында тәртіп сақтауға жұмылдырылған полиция жасағы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Ералиев ауылдық округі, 2 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)
Жолдасбай Ерәлиев ауылдық округі аумағында тәртіп сақтауға жұмылдырылған полиция жасағы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Ералиев ауылдық округі, 2 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті (ОҚО ІІД) басшысы ауысты. Мұны осы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек Азаттық тілшісіне 27 тамыз күні хабарлады.

ОҚО ІІД басшысы болып полиция полковнигі Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында 1980-жылдардан бастап еңбек етеді. Бұған дейін полицияда түрлі қызметтер, соның ішінде криминалдық полиция департаменті бастығы қызметін атқарған.

Шілде айының соңы мен тамыз айының басында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы бірнеше ауылда жаппай қақтығыстар болып, этникалық тәжіктер жергілікті полициядан өздерін қорғауды сұраған еді. Азаттық тілшісіне оқиғадан кейін тұрғындар жергілікті полиция жұмысына наразылықтарын да айтқан. Оқиға Ералиев ауылдық округінде кішкентай қызға қарсы жыныстық әрекеттер жасалғаннан кейін басталған.

Былтыр ақпанда осы өңірде болған Сарыағаш оқиғасы да Қазақстан жұртшылығын дүрліктірген болатын. Ынтымақ пен Бостандық ауылдарында қазақ жастары жаппай көшеге шығып, сол ауылдағы жергілікті этникалық тәжіктерге тиесілі ондаған үй мен көліктер өртенген еді. Бұл оқиғадан кейін оңтүстік өңірде «ұлтаралық мәселені шешетін» мекеме ашылғаны да хабарланған болатын.

26 тамыз күні Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) басшысы ауысты. 5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған еді.

XS
SM
MD
LG