Accessibility links

Назарбаев парламентке қауіпсіздік жайлы заң жобаларын қарауды тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда Қазақстан үшін терроризм қаупі – өзекті мәселе болып отыр мәлімдеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Назарбаев бұған дейін парламентке үкімет енгізген төрт заң жобасына қоса биылғы жылдың соңына дейін тағы жеті заң жобасы депутаттардың қарауына берілетінін хабарлап, әлгі жобалардың арасында экстремизм мен терроризмге қарсы заң жобасын, ақпараттық қауіпсіздік, қарсы барлау қызметі және басқа да заң жобаларын атады. Олардың кейбірі жоспардан тыс ұсынылатынын айтқан президент ел қауіпсіздігінің заңды негіздерін нығайту – қазіргі таңда күн тәртібінде бірінші кезекте тұр деп мәлімдеді.

«Әлемдегі өзге елдер тәрізді Қазақстан да терроризм қаупімен бетпе-бет жолықты. Алматы мен Ақтөбедегі террорлық шабуылдар салдарынан ұлттық гвардия сарбаздары, полиция қызметкерлері, еш жазығы жоқ азаматтар қаза болды. Мұндай жағдайда мемлекет еш нәрсеге қарамастан өз қауіпсіздігін нығайтуы тиіс» деді Назарбаев.

Назарбаев «елдегі ішкі тұрақсыздықты теріс пайдаланып, қоғамға іріткі салуды ойлайтын күштер барын» айтты.

XS
SM
MD
LG