Accessibility links

Назарбаев жер комиссиясының жұмысын жоғары бағалады


Үкімет жанынан құрылған жер комиссиясының Қызылорда облысындағы жиыны. Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы. 2 шілде 2016 жыл.

Үкімет жанынан құрылған жер комиссиясының Қызылорда облысындағы жиыны. Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы. 2 шілде 2016 жыл.

Бүгін Астанада парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі құрған жер комиссиясы "заңда көптеген кемшіліктерді анықтаған".

- Жаңа заңдарға енетін бірнеше ұсыныс айтылды. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді беру әдістері мен оны қадағалау мәселесіне қатаң қарау керек, - деді ол.

Жер мәселесіне байланысты наразылық күшейген соң мамыр айының бас кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі биыл шілденің 1-інен бастап күшіне енуі тиіс даулы баптарға жыл соңына дейін мораторий жариялаған. Жер комиссиясының негізгі ұсынысы осы мораторийдің мерзімін 2021 жылдың соңында дейін ұзарту болған.

19 тамызда Назарбаев шетелдіктерге жерді жалға беру туралы заңға 2021 жылға дейін мораторий жариялаған. Осы шешімнен кейін жер комиссиясы өз жұмысын аяқтады.

XS
SM
MD
LG